Қар, дауыл, тұман: 11 қазанда ауа райы қандай болады?
11 қазанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді, ал түнде кей жерлерде үсік жүреді. Еліміздің оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде күн жылы болса, елордада қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр және қар жауады, шығыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетіп, күндіз 30 м/с-тан асады. Түнде ауа температурасы 0…+2°C, күндіз +3…+5°C көрсетеді.
Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан және Таразда күн жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +20…+27°C аралығында сақталады. Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Орал, Петропавл қалаларында түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар, Өскемен және Семейде түнде −1…−3°C үсік жүреді, күндіз +11…+15°C жылы. Ал Көкшетау мен Петропавлда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

















