» » ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Қармақшы ауданында халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу және азаматтардың еңбек нарығына қатысу мүмкіндіктерін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өңірлік жұмыспен қамту картасы бойынша 2 659 жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде: Қармақшы ауданы – 1 793 орын, Байқоңыр қаласы – 866 орын.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 1 626 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде Қармақшы ауданында – 1 160, Байқоңыр қаласында – 466 жұмыс орны.
2026 жылы Ұлттық жобалар шеңберінде 8 жоба бойынша 239 жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде Қармақшы ауданында – 7 жоба, 109 жұмыс орны, Байқоңыр қаласында – 1 жоба, 130 жұмыс орны. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 221 жұмыс орны ашылып, жоспар 92,4%-ға орындалды.
Бос жұмыс орындары бойынша 1 202 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Оның ішінде: Қармақшы ауданы – 801 орын, Байқоңыр қаласы – 401 орын.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 687 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде Қармақшы ауданында – 463, Байқоңыр қаласында – 224 адам.
Қазақстан Республикасы Президентінің облыс әкімдеріне әрбір 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2026 жылға 553 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде: Қармақшы ауданы – 343 орын, Байқоңыр қаласы – 210 орын.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 308 жеке кәсіпкерлік субъектісі ашылды. Оның ішінде Қармақшы ауданында – 229, Байқоңыр қаласында – 79 субъект.
Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 665 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде: Қармақшы ауданы – 540 орын, Байқоңыр қаласы – 125 орын.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 410 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде Қармақшы ауданында – 357, Байқоңыр қаласында – 53 жұмыс орны.
Жұмыспен қамту – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың маңызды бағыттарының бірі.
08 қазан 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 000
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031