» » ӘРБІР МӘСЕЛЕ – МАҢЫЗДЫ

ӘРБІР МӘСЕЛЕ – МАҢЫЗДЫ

VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті 52-сессиясы өткен жұмада Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында өтті. Сессия жұмысына 12 депутат қатысты.
Сессияға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, кірістер, қазынашылық басқармасының басшылары, дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округі әкімдері, аудандық полиция, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде бірінші, «Қармақшы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі», екінші, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №355 «2026-2028 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, үшінші, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №360 «2026-2028 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және төртінші, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №361 «2026-2028 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Сессия соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов қорытындылады.
Қармақшы аудандық мәслихаты
30 қыркүйек 2026 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 319

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031