» » 28 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?

28 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 2026 жылғы 28 қыркүйекке жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Күндіз оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында түнде ауа температурасы -2...-3°C дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде де топырақ бетінде -2°C дейін үсік күтіледі.
Бұдан бөлек, Атырау, Павлодар және Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Алматы облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі болжанып отыр.
Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысының жекелеген аудандарында сақталады.
27 қыркүйек 2026 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 922
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930