Шайтан

Шайтан десе шоши ма жүрегіміз,
Орындалмай қалардай тілегіміз.
Жолдан талай тайдырып жіберді ме,
Үміт күткен келгенде – кезегіміз.
Адамменен қастасып жаралғаннан,
Жан дүниеміз дейсің бе жараланған.
Тарихымда өшпестей талай зұлмат,
Шайтан қылық... Жадымда қара таңбаң.
Иығында отырып адамыңның,
Тілекшісі қисайған қадамыңның.
Сондықтан да қай кезде қамын ойла,
Таймау үшін тар жерде табаныңның.
Шайтан түрткен әлек боп әлемің де,
От қарудың билейді көлемінде.
Тәңір берген тағдырды тәрк етіп,
Ақымақтың қолынан өлемін бе?
Сенейік пе, біз әлде дұғамызға,
Қалпымызды адами бұзамыз ба?
Шайтан билік ниетін теріс бұрып,
Келу керек біздерге тобамызға.
Шырылдаудан шыр бітпес ақыныңа,
Қамқорлықтан қорған соқ жақыныңа.
Шайтан жеңіп адамды аздырмайды,
Еге болсаң сабыр мен ақылыңа.
Дастан Мырзабекұлы
21 тамыз 2026 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30