Құрылтай
» » «Таза Қазақстан»: Заң мен тәртіп – тазалықтан басталады

«Таза Қазақстан»: Заң мен тәртіп – тазалықтан басталады


Қызылорда облысының аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында абаттандыру қағидаларын сақтау, аулалар мен қоғамдық орындардағы тазалықты қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қала және елді мекендер аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау, аулаларда абаттандыру қағидаларының бұзылуының алдын алу және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

Полиция қызметкерлері аумақтарды аралап, тұрғындарға абаттандыру талаптарын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау және қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауға басымдық берілуде.

Тазалық пен қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ міндет. Әр азамат өз ауласы мен қоршаған ортасының тазалығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Заң мен тәртіп – таза әрі қауіпсіз ортаның кепілі!

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік, ортақ тәртіп!
19 тамыз 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 692
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 141

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31