Құрылтай
» » ҮШ ЖҮЗДІҢ ПІРІ АТАНҒАН МАРАЛ БАБА

ҮШ ЖҮЗДІҢ ПІРІ АТАНҒАН МАРАЛ БАБА

Марал баба Құрманұлы әулиелігімен, емшілігімен, қолбасшылығымен, елді ұйымдастырушы қабілетімен, асқан ақыл, көрегендігімен елдің есінде қалған тұлға. Қостанай жерінде туып, көп өмірі Сыр бойында өткен. Елді егін салуға үйреткен. Мәңгілік мекені де Қармақшы топырағынан бұйырған. Марал бабаның елге жасаған еңбегі, оған деген халықтың ықыласы өлшеусіз. Әлі күнге дейін елдің пейілі мен көңілі суымаған. Мазар басына келіп Құран бағыштап, қол жайғандар мен медет сұрап сыйынып келушілер де жетерлік. Оның рухы мен қасиеті әлі де өмір сүретініне ел сенеді.
Жақында Марал баба жайлы жыр жаздым. Баба туралы жазбаларды оқыдым. Соның әсері болуы керек ой мен сезімге бөленген жан дүниемді өлеңге түсіру керек болды. Төрт-бес шумақ жазып, келесі шумақты түсіру үшін сәл көзімді жұмып, ойланып отырдым. Ойды сұлу сөзбен беру ақынға сын. Содан көзімді ашсам, құдайдың құдіреті бір ақ кеменің бейнесі үстелімнің үстінен жоғары көтеріліп бара жатыр. Аузым ашылып, өз көзіме өзім сенбей тұрмын. Есім орнында сияқты. Содан көзімді жұмып, басымды шайқап қайта қарадым. Ақ кеме жоғары үйдің төбесіне дейін көтерілді де жоқ болып кетті. Бұл жұмбақ жағдай қайдан келуі мүмкін? «Жыр – теңіз» деп жататын еді. Қазір көп уақыт кітап оқу мен жазуға кетеді. Менің ойыма Марал баба келді. Жолымды ашу үшін жыр теңізде жүзетін кеме сыйлаған шығар деп жорыдым. Сол жорығанымды Тәңірден тілеп, Марал бабадан сұрап бетімді сипадым. Шындығында, солай ғой. Ендігі қалған уақытта біз үшін рухани баю мен қарымды, жөн білетін ақсақал болудан артық іс жоқ. Боқ дүние қуу енді бізге жараспайды. Көрге кіргенше соның соңынан еріп жүреміз бе? Ендігі шаңырақтың несібесін балаларымызға берсе болды деп тілейміз. Сонымен, қош дейік.
Аудандағы «Руханият орталығында» жақында келелі кездесу болды. Марал баба жолымен шыққан шерушілер төрт облысты аралап, тұрғындармен кездесіп, «Үш жүзге пір атанған әулие» кітабының тұсаукесерін өткізген. Кітап авторы – зерттеуші-қаламгер Мұхамедхан Қасымханұлы әулиенің ұрпағы. Жорыққа шыққан топ Марал бабаның сүйегі жатқан киелі Қармақшы жерінде шеруді аяқтады.
Бұл кездесуге аудан тұрғындары мен қонақтар қатысты. Бір ерекшелігі, бұл жерге Марал бабаның ұрпақтарынан бөлек, Марал бабаның туған бөлесі, қазақтың соңғы ханы Кенесарының ұрпақтары және Марал бабаның Бұқарадағы ұстазы, әулие Жалаңаяқ ишанның ұрпақтарының қатысқаны кездесу мәнін аша түсті.
Кітаптың тұсаукесерін аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев құттықтау сөзбен ашты. Одан соң Кенесары ханның ұрпағы Мақсұт Темірбаев және Жалаңаяқ ишанның ұрпағы Азат Ерболатұлы сөз алды. Кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі жасалды. Одан соң кітап авторы қысқаша мазмұнын таныстырып өтті. Бұдан соң аудан азаматтары – ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, Қаршыға Есдәулетов, Шегебай Құндақбаев, Алтай Үсеновтер кездесудің маңызы мен кітаптың құндылығы және Марал бабаның тарихтағы орны туралы айтты. Ақын Дастан Нәзікбаев бабаға арнаған өлеңін оқыды.
Кездесу тағылымды ой, Марал бабаға деген елдің сүйіспеншілігі мен ыстық ықыласымен ерекшеленді.
Соңынан бабаның ұрпақтары арнайы ас беріп, Құран бағыштады.
Дастан МЫРЗАБЕКҰЛЫ
08 тамыз 2026 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 609
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31