Құрылтай
» » Мемлекет басшысы осы маңызды Шартқа қосылғаны үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты

Мемлекет басшысы осы маңызды Шартқа қосылғаны үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты

Президент: «Өзара сенімнің нығаюы мен өңірлік ынтымақтастықтың қарқынды дамуының арқасында Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр деп нық сеніммен айтуға болады»

Мемлекет басшысы осы маңызды Шартқа қосылғаны үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.
 
– Келесі кезең аталған құжат ережелерін нақты іске асыру болуға тиіс деп санаймын. Осыған байланысты достық пен тату көршілікті одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты бекемдеуге бағытталған ұзақмерзімді өзара ықпалдастығымыздың анық бағдарлары көрсетілген іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және қабылдауды ұсынамын. Өзара сенімнің нығаюы мен өңірлік ынтымақтастықтың қарқынды дамуының арқасында Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр деп нық сеніммен айтуға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 
Президент Әзербайжанның Консультативті кездесулердің толық мүшесі  болуы бұл форматты нығайтудағы оң эволюцияның жаңа деңгейін көрсететінін мәлімдеді.
 
– Бірлескен күш-жігеріміз арқылы саяси диалогты одан әрі тереңдетуге, инвестиция, энергетика, өнеркәсіп салаларындағы қарым-қатынасты жандандыруға, бірыңғай көлік-логистика жүйесін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасалуда. Соңғы жылдары өңірішілік сауда ұдайы өсіп, іскерлік байланыс кеңейе түсті. Бірлескен кәсіпорындар құрылып, ортақ инвестициялық жобалар іске асырылуда. Сонымен қатар гуманитарлық қарым-қатынас жандана түсті. Мәдениет, білім салаларындағы, жастар арасындағы ықпалдастықтың мазмұны байып келеді. Осы оң нәтижелердің барлығы бауырлас халықтарымызды одан әрі жақындатуға, және аймақтың беделін нығайтуға ықпал етеді, – деді Мемлекет басшысы.
 
t.me/aqorda_resmi
31 шілде 2026 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 700
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31