Құрылтай
» » ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАЛҒАСУДА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАЛҒАСУДА


Қызылорда облысында халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету бағытында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарды. Туберкулезбен сырқаттанушылық 10,5 пайызға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 7,5 пайызға, жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім 13,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмас Әбілпатта баяндады.

Күн сайын өңір емханаларына 27 мыңға жуық тұрғын жүгінеді, жедел жәрдем қызметі шамамен 1400 шақыртуға шығады. Ал стационарларда тәулігіне 100-ден астам түрлі хирургиялық ота жасалып, оның ішінде республика деңгейіндегі күрделі операциялар да орындалуда.

«Биылғы алты айда 56 жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіліп, төрт жаңа ота түрі енгізілді. Сонымен қатар, 84 аритмологиялық операция, 228 буын эндопротездеу отасы сәтті жасалды. Онкологиялық науқастарға халықаралық стандарттарға сай жоғары технологиялық хирургиялық ем түрлері кеңінен қолданылып келеді. Медициналық авиация қызметі де тиімді жұмыс атқаруда. Алты ай ішінде ауыр халдегі науқастарға 336 шақырту орындалып, 99 шұғыл ота жасалды, 144 науқас облыстық мамандандырылған орталықтарға жеткізілді. Шалғай ауыл тұрғындары үшін алты жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен іске қосылған заманауи кешен арқылы ауыл тұрғындарына онкологиялық скринингтер жүргізіліп, биылдың өзінде 2 мыңнан астам адам тексеруден өтті», - деді басқарма башысы.
Өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымы да қарқынды жаңғыртылуда. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан пайдалануға берілді. Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандық ауруханалары жаңартылып, МРТ аппараттарымен кезең-кезеңімен қамтылуда. Облыс орталығында 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ жаңа перинаталдық орталық пен бірнеше емхананың құрылысы басталмақ.

«Цифрлық медицинаны дамыту бағытында өңірдің барлық медициналық ұйымдары заманауи ақпараттық жүйелермен қамтылып, жасанды интеллект көмегімен онкологиялық ауруларды ерте анықтайтын технологиялар енгізілуде. Соңғы үш жылда медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайып, компьютерлік томограф, МРТ, ангиограф секілді заманауи құрылғылар сатып алынды. Соның нәтижесінде медициналық техникалармен жарақтандыру деңгейі 90,2 пайызға жетті», - деді Алмас Әбдіғаппарұлы.

Жүйелі реформалар, жаңа медициналық нысандардың салынуы, жоғары технологиялардың енгізілуі және білікті кадрлар даярлау арқылы Сыр өңірінде денсаулық сақтау саласының әлеуеті жылдан-жылға артып келеді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 шілде 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 567
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 031

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031