» » Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz. 
Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан және Өскеменде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Павлодар, Петропавл және Таразда желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Ал Ақтөбе, Атырау, Қонаев және Оралда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Күндіз Атырауда +34...+36°C, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Орал, Ақтау және Шымкентте +30...+33°C, Өскемен мен Ақтөбеде +30...+32°C, Алматыда +27...+29°C, Қостанай мен Семейде +27...+30°C, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Жезқазған және Қарағандыда +23...+27°C, Астанада +22...+24°C болады.
Бұған дейін жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен қатты дауыл мен бұршақтың салдарынан Павлодар облысының бірқатар елді мекенінде тұрғын үйлерге, әлеуметтік және электр желісі шаруашылығы нысандарына зақым келгені туралы хабарлаған едік.
22 шілде 2026 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031