» » Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады

15 шілде, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Кей өңірлерде ауа температурасы +43 градусқа дейін көтерілсе, солтүстік және батыс аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ең жоғары температура Түркістан (+41…+43°C), Шымкент (+40…+42°C) және Қызылордада (+40…+42°C) күтіледі.
Сондай-ақ Таразда ауа +39…+41°C, Қонаев пен Жезқазғанда +36…+38°C-қа дейін ысиды.
Астанада бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болжанады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +34…+36°C болады.
Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай және Орал қалаларында да жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Ал Алматы, Ақтау, Атырау, Семей, Өскемен және еліміздің оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады.
Синоптиктер тұрғындарға ұзақ уақыт далада серуендемеуге және дауылды ескерту жарияланған өңірлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» шілде айында елімізде 44 градусқа дейін күн ыситындығын хабарлаған еді.
15 шілде 2026 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30