Құрылтай
» » АРАЛДА ЖОҒАРЫ СҰРЫПТЫ АС ТҰЗЫН ӨНДІРУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

АРАЛДА ЖОҒАРЫ СҰРЫПТЫ АС ТҰЗЫН ӨНДІРУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ


Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал қаласындағы жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ашылу рәсіміне қатысты.
Аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, өндіріс орнының жұмысына сәттілік тіледі.

«Баршаңызды жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ресми ашылуымен құттықтаймын! Сондай-ақ маңызды жобаны Арал ауданында жүзеге асырғаны үшін жеке инвесторға зор ризашылығымды білдіремін. Бұл - еліміздің экспорттық әлеуетін арттыратын, жаңа жұмыс орындары ашылатын маңызды жоба.
Өндіріс орындары экономиканы әртараптандыруға, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға тың серпін береді деп сенемін», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.

«Тоғыс - Аралотын» серіктестігі жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытына 1,8 млрд. теңге қаржы салған, жылдық қуаттылығы 40 мың тонна. Мұнда 20 адам жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау аясында 4 гектар жер телімі беріліп, қажетті инфрақұрылым тартылды. Зауыт өнімдері ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, көршілес мемлекеттерге де экспортталады.

Шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, ел ағалары Имамадин Оңғарбаев, Нұралы Оспанов сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, зауыттың іске қосылуына атсалысқан азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

12 шілде 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 454
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 956

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031