» » Қазақстанда темекі тағы қымбаттайды

Қазақстанда темекі тағы қымбаттайды

Қазақстанда темекі бағасы тағы өсуі мүмкін. Қаржы министрлігі темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеруді ұсынып отыр. Егер бұйрық жобасы қабылданса, темекіні белгіленген ең төменгі бағадан арзан сатуға тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанда темекі өнімдерінің бағасы тағы да қымбаттайды. Қаржы министрлігі темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеруді көздейтін бұйрық жобасын жариялады. Құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Жобаға сәйкес, сүзгісі бар және сүзгісіз темекілердің, папиростардың, сигариллалардың, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы өседі.
Қазір 20 тал темекіден тұратын бір қораптың ең төменгі бағасы – 970 теңге. Қаржы министрлігі бұл шекті бағаны арттыруды ұсынып отыр. Бұйрық күшіне енген жағдайда, темекі өнімдерін белгіленген ең төменгі бағадан төмен сатуға тыйым салынады.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл шара темекі өнімдеріне қатысты салық және баға саясатын тиімді жүргізуге бағытталған. Сондай-ақ темекі тұтынуды азайтуға, бюджет кірісін арттыруға және көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартуға ықпал етеді деп күтілуде.
Бұйрық жобасы 20 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады. Осыдан кейін құжат қабылданып, күшіне енуі мүмкін.
07 шілде 2026 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30