Конституция
» » «АЙБЫН – 2026» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«АЙБЫН – 2026» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Ауданымызда он күнге созылған облыстық «Айбын – 2026» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өз мәресіне жетіп, оған қатысқан әскери қызметшілер мен арнайы құрылым өкілдерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шара №284 мамандандырылған мектеп-интернатының базасында өтіп, оқужаттығудың қорытынды кезеңіне арналды.
Оған аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, әскери бөлімдердің басшылары, құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының өкілдері, сондай-ақ оқу-жаттығуға қатысқан қызметкерлер қатысты.
Іс-шара аясында алдымен әскери техника, қару-жарақ және арнайы мақсаттағы құрал-жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтар оқу-жаттығу барысында қолданылған заманауи техникалармен, арнайы жабдықтармен және әскери бөлімдердің материалдықтехникалық мүмкіндіктерімен танысты. Көрме барысында мамандар әрбір техниканың атқаратын қызметі мен тактикалық ерекшеліктері жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы оқу-жаттығудың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызына ерекше тоқталып, қатысушылардың кәсіби даярлығы мен жауапкершілігіне жоғары баға берді.
– Он күнге созылған оқу-жаттығу ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды ісшаралардың бірі болды. Осы уақыт ішінде барлық қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігін және ұйымшылдығын көрсете отырып, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындады. Бұл – сіздердің Отан алдындағы адал қызметтеріңіздің айқын дәлелі. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің, сондай-ақ облыс басшылығының қолдауымен қорғаныс саласын дамытуға, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық әлеуетін нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын табады. Еліміздің тыныштығы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы ерен еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді аудан әкімі.
Жиын барысында оқу-жаттығу кезінде кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және белсенділігімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Марапаттау рәсімі аудан өнерпаздарының орындауындағы патриоттық әндермен жалғасып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Елге деген сүйіспеншілік пен Отан қорғаушылардың ерлігі дәріптелген әндер қатысушылардың рухын көтеріп, салтанатты шараның мазмұнын айшықтай түсті. Іс-шара соңында аға буын өкілдері ақ батасын беріп, ел тыныштығы мен бірлігі, әскери қызметкерлердің амандығы үшін ізгі тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, облыстық маңызы бар «Айбын» арнайы-тактикалық оқужаттығуы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Биылғы оқу-жаттығуға Қармақшы ауданынан 100-ден астам қызметкер жұмылдырылып, түрлі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздікке қатысты шартты сценарийлер бойынша тәжірибелік іс-қимылдар пысықталды. Мұндай ауқымды оқужаттығулар қатысушылардың кәсіби даярлығын жетілдіріп қана қоймай, түрлі құрылымдардың өзара ісқимылын үйлестіруге және төтенше жағдайларда жедел әрекет ету қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
«ҚТ» ақпарат
02 шілде 2026 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 913

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031