» » Қазақстанда бірыңғай QR-төлем жүйесі қашан іске қосылады?

Қазақстанда бірыңғай QR-төлем жүйесі қашан іске қосылады?

Фото: ашық дереккөз
Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов атап өткендей, ел тұрғындары келесі айдан бастап кез келген банктің QR-коды арқылы бірыңғай жүйеде төлем жасай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл 19 шілдеден бастап банкаралық QR-төлемдердің бірыңғай жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауының арқасында биылғы 1 мамырдан бастап экономиканың жаңа бағытын дамытуға қажетті құқықтық негіз қалыптастырылды», деді Ұлттық банк басшысы.
Тимур Сүлейменов сәуір айында бірыңғай QR-кодтың іске қосылу мерзіміне қатысты болжамды уақытты атағанымен, нақты күнін жарияламаған еді.
«Үдерісті жан-жақты зерттедік. Бұл жұмыспен өз мамандарымыз айналысып жатыр. Банктер өз экожүйелерінде QR-төлемдерге арналған технологиялар мен қауіпсіздік құралдарына қомақты инвестиция салды. Енді осы жүйелерді өзара қауіпсіз түрде ықпалдастырып, бір-біріне қолжетімді ету қажет болды», деген еді Т. Сүлейменов.
Еске салайық, өткен жылдың соңында Ұлттық банк бірыңғай QR-код жүйесі 2026 жылдың бірінші тоқсанының аяғына қарай толық іске қосылады деп жоспарлаған.
Бұған дейін 2025 жылы 13 қарашадан бастап Қазақстанда дүкендер мен түрлі қызмет көрсету орындарында бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау жүйесі ресми түрде іске қосылған еді. 
18 маусым 2026 ж. 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031