» » ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ҚАУІП ПЕ?

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ҚАУІП ПЕ?

Қазіргі технология дамыған заманда жасанды интеллект адам өмірінің бір серіктесіне айналды. Дәл осы сәтте жасанды интеллектІсіз күнделікті тұрмысты елестету мүмкін емес.
Жасанды интеллект әлеуметтік желідегі ұсыныстар, телефондағы дауыс көмекшісі, мәтін жазуда, фильм түсіруде, аудио жазбаларда кеңінен қолданылуда. Ол – ойлау, талдау, есте сақтау, шешім қабылдау қабілеттерін компьютер арқылы жүзеге асыратын технология. Бұл адамзат ақылой әрекетін қайталай алатын жүйе және де осы жазылған мақаланың ЖИ технология көмегімен жазылғаны да белгісіз. Уақыт өте келе жасанды интеллекттің қателік жасауы өте жиі кездесуде. Бүгінде ол медицинада, білім саласында, өндірісте, журналистикада, кино-фильмде, өнерде кеңінен қолданылуда. Әлеуметтік желідегі тикток, инстаграм, ютуб платформаларында ұсынылатын бейнелер мен жарнамалар адамның қызығушылығына қарай автоматты іріктеледі. Бұл технологияның адам өміріне қаншалықты терең еніп жатқанын көрсетеді. Білім саласында ЖИ оқушылар мен мұғалімдерге үлкен мүмкіндік беруде. Жоғары оқу орындарында мұғалімнің жұмысын жеңілдетуде арнайы ЖИ көмегімен арнайы платформалар жасалынған, олар оқушының білім деңгейін анықтап жеке тапсырма берумен айналысады.
Ал медицина жүйесіне келер болсақ, ЖИ ауруды ерте анықтауға, рентген нәтижелерін саралауда, диагноз уақытын қысқартып, емді тездетіп қолдануға көмек беруде.
Сонымен басты сұрақ ЖИ-дің кері әсері бар ма?
Кейбір мамандар адамды жалқаулыққа итермелеп, дайын ақпаратқа үйреніп, өздігінен ізденуді азайтуы мүмкін дейді. Бұл қазіргі жоғары орындарындағы студенттердің айқын бейнесі екенін көріп отырмыз, нәтижесінде студент 4 жыл алған білімді терең меңгермей жасанды интеллект көмегімен тек дайын дүниені алуда және өзі жеке ізденіп атсалыспағаннан кейін қандай тақырыпта не үйренгенін, не түйгенін білмесе, болашақта одан қандай халыққа өз жемісін беретін мамандық иесі шығады? Технология адамға қызмет етуі керек, ал адам өз алдына ойлау қабілетін жоғалтпауы тиіс.
Тағы алаңдатарлық мәселе, кейбір тұлғалар жасанды интелектті пайдалы мақсатта қолданса, кейбірі фейк ақпараттарды таратып, шындыққа жанаспайтын фото, видео форматтағы ақпараттар арқылы қоғамды адастыруы мүмкін. Жалған ақпарат әсіресе саяси, әлеуметтік немесе денсаулық сақтау салаларында қауіпті.
Жасанды интеллект – бұл болашақтың бастауы, заман талабы. Ол – адам өмірін әлдеқайда жеңілдететін қуатты құрал. Одан қорқудың қажеті жоқ, керісінше дұрыс пайдалану маңызды. Сонымен қатар бұл құралды пайдалануда үлкен жауапкершілік қажет. Ақпараттық қауіпсіздік пен шынайылық сақталған жағдайда ғана бұл технология қоғам игілігіне қызмет етеді.
Бауыржан ЖҮНІС
08 маусым 2026 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 264
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 801

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930