» » Аймақ басшысы УЕФА стадион инспекторымен кездесті

Аймақ басшысы УЕФА стадион инспекторымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев УЕФА стадион инскпекторы Скотт Струзерстпен кездесті. Кездесу барысында аймақта спорт саласын қолдау аясындағы ауқымды жобалар талқыланды.

«Президентіміз Қазақстан халқына арнаған Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты жеделдету керектігін айтқан болатын. Елімізде алғашқылардың бірі болып өткен жылдың қазан айында «Қайсар» футбол клубы жеке басқаруға берілді. Клубтың жылдық бюджеті Премьер лигаға 995 млн. теңге, қыздар командасына 281,2 млн. теңге, жасөсіпрімдерге 436,6 млн. теңге қаралған.
Клубтың жаңа басшысы «Қайсар» академиясын ашуға, инфрақұрылымын дамытуға 18 млрд. теңге көлемінде инвестиция салуда.

Алғашқы кезеңде база мен жаттығу 3 алаңын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Ал толық кешенді 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл жоба клубтың ұзақ мерзімді дамуына бағытталған негізгі инвестициясы.
Жаңа академия 300 бала футбол спортымен жыл көлемінде шұғылдануына мүмкіндік береді. Болашақта жаңа академия тәрбиеленушілері де осы танымал ойыншыларымыздың ізін басады деген сенімдеміз», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Еске салайық, соңғы 4 жылда аймақтың спорт саласын дамытуға 92 млрд 693 млн теңге бөлінді. 2022 жылдан бері өңірде 24 жаңа спорт кешені салынып, пайдалануға берілді. Биыл жыл соңына дейін елді мекендерде тағы 3 спорт кешені ел игілігіне табысталады.

Қазіргі таңда аумағы 25 мың шаршы метрді құрайтын, олимпиадалық стандарттарға сай 25–50 метрлік бассейні және әлем мен Азия чемпионаттарын өткізуге арналған 2500 орындық көпфункционалды залы бар «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған нысанды биыл пайдалануға беру жоспарлануда.

27 сәуір 2026 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 297
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 829

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930