АСАТАЯҚ
Асатаяқ дегенде қолына таяқ ұстап, ақ шапан киген қария еске түседі. Ертеректе бақсы-балгерлер оны науқасты дертінен айықтыру үшін қолданған. Ұзындығы бір 110-130 сантиметр болатын асатаяқтың басына мал басын орнатып, оған темір салпыншақ, сақиналар ілген. Аспапты сілкіп отырып, ауру адамды өзіне қаратқан көрінеді. Уақыт өте келе асатаяқ музыкалық аспап түріне айнала бастады. Сылдырмақ, тоқылдақ, сақпан сынды ұлттық аспаптардың қатарына еніп, ән-күй әуеніне қосылды.
Асатаяқты алғашында қылқобыз, дауылпаз, даңғырамен бірге қолданатын болған. Ол жайында Шығыстың шоқ жұлдызы Шоқан Уәлиханов бірқатар этнографиялық еңбектер жазған. Аспап жасалу тәсіліне қарай күмбезді, айбасты, қалақша, сопақша болып келеді. Сілкіп, шайқап ойнайтын аспап бүгінгі таңда «Отырар сазы», «Сазген», «Шертер» музыкалық-фольклорлық ансамбльдерінде кеңінен пайдаланылады. Асатаяқтың көне түрлері әлі күнге сақталып келген. Ықылас атындағы Қазақ музыкалық аспаптар мұражайынан кездестіруге болады.

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».