Сыр өңірінде егін алқабына алғашқы дән себілді
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылға жұмыс сапарымен барып, егін алқабына алғашқы дән себу рәсіміне қатысты.

Аймақ басшысы Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев және ардагерлермен бірге алғашқы дәнді сеуіп, қамбаның астыққа толуына, мол өнім жиналып, шаруалареңбегінің ақталуына тілектестігін білдірді.
Әрі қарай ауыл шаруашылығы техникалары, тыңайтқыштар,өсімдік қорғау құралдары және озық техникалар көрмесімен танысты.

Биыл вегетация кезеңінде облыстың егіс алқаптарын суаруға 3,2 млрд текше метр су лимиті бөлінді. Жалпы 185,8 мың гектарға дақылдар егужоспарланған. Оның ішінде дәнді дақылдар 89,7 мың гектар, майлы дақылдар 6,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектар, ал картоп, көкөніс және бақша дақылдары 16,8 мың гектар.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру көзделген. Осыған байланысты биыл күріш көлемін 70 мың гектарға дейін қысқарту жоспарлануда. Оның орнына суды аз қажет ететін, өнімділігі жоғары жүгері алқаптарын ұлғайту қарастырылған.

Бүгінде ерте егілетін дақылдар себіліп бітуге жақын, қажетті тұқым, тыңайтқыш, техника және жанар-жағармай жеткілікті, 3975 техника көктемгі науқанға жұмылдырылды.
Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері 21,7 мың тонна арзандатылған дизель отынына өтінім берді. Оның 10,1 мың тоннасы көктемгі дала жұмыстарына, 11,6 мың тоннасы күзгі егін жинауға пайдаланылады.

Егін шаруашылығын әртараптандырып, су үнемдеу технологиясын кеңінен енгізген шаруашылықтарды қолдау үшін алдағы үш жылға 34 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінсе, 10 млрд. теңгеге жуығы биылға қарастырылған.
Соңғы жылдары су үнемдеу технологияларын қолдану 4 есе артып, 16,7 мың гектарға дейін жеткізіледі, аймақта бірқатар ірі инвестициялық жоба бар. Атап айтқанда, «Харвест Агро» серіктестігі Жалағаш ауданында жүгері, соя, техникалық қарасора егіп, 21 мың гектар жерге агрокластер құруда. «Центр семеноводства» серіктестігі Шиелі ауданында 10,0 мың гектарға жүгеріні жаңбырлатып суару әдісімен егу, «Таң ЛТД» серіктестігі 3,0 мың гектарға жүгерінітамшылатып суару әдісімен егу жобаларын қолға алған.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі















