» » КІТАП – РУХАНИЯТТЫҢ ТІРЕГІ

КІТАП – РУХАНИЯТТЫҢ ТІРЕГІ

23 сәуір – елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға және оны кеңінен насихаттауға бағытталған Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген бұл атаулы күн жас ұрпақтың бойында кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды көздейтін маңызды рухани мерекелердің бірі.
Аталған мерекеге орай жақында «Руханият» орталығында «100 кітап» жобасы негізінде «100 кітап – 100 туынды: тіл мен кітап егіз ұғым» атты байқау өткізілді. Бұл жоба – республика көлемінде кеңінен танымал бастамалардың бірі. Оның негізгі мақсаты – оқырмандар арасында үздік әдеби шығармаларды насихаттау, сондай-ақ халық таңдаған 100 кітапты оқып, талдау арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу. Жоба оқырман мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, ұлттық және әлемдік әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға зор мүмкіндік береді.
Ұйымдастырылған байқаудың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, олардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар, жас буынның ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлығын жетілдіруге ықпал ету де басты назарда болды. Іс-шара барысында қатысушылар «100 кітап» жобасына енген шығармалар бойынша өз таңдауларын таныстырып, кітап мазмұнын баяндады. Кейбір оқушылар әдеби кейіпкерлердің образын сахналық қойылым арқылы сомдап, өздерінің актерлік шеберліктерін де көрсете білді. Бұл көріністер көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырып, шараның мазмұнын байыта түсті.
Байқау қорытындысы қазылар алқасының шешімімен шығарылды. Кітап оқып, оны сахналық қойылым етіп ұсынған оқырмандарға аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шегебай Құндақбайұлы, ардагер ұстаз Роза Тынымбаева, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Нұркен Әлиасқаров төрағалық етті. Олар қатысушылардың сахна мәдениетін, актерлік шеберлігін, шығармашылық ізденісін, белсенділігін және сыртқы келбетінің сәйкестігін жан-жақты бағалады. Нәтижесінде үздік өнер көрсеткен оқушылар марапатталып, белсенділік танытқан білім ошақтары мен кітапханалар алғыс хат иеленді.
Жалпы, аталған шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың рухани дүниесін байытуға, әдебиетке деген құрметін қалыптастыруға зор ықпал етті. Мұндай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақты тәрбиелеуде, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде айрықша маңызға ие екені сөзсіз.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
19 сәуір 2026 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 564

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930