» » Мемлекеттік қызметшілердің құқығының қорғалуы басты назарда

Мемлекеттік қызметшілердің құқығының қорғалуы басты назарда

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі мен олардың қорғалу тетіктері – кез келген демократиялық мемлекеттік тұрақтылығының кепілі.
Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс жасауы тікелей мемлекеттік қызметшінің құқықтық қорғалу деңгейіне байланысты. Қызметші өзін қауіпсіз сезінгенде және оның құқықтары заңмен кепілдендірілгенде ғана, ол халыққа сапалы қызмет көрсете алады.
Қазақстан Республикасында  мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы  Заңымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Бұл ретте, азаматтармен бірге мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарын қорғау, ал бұзылған жағдайда қалпына келтіру жұмыстары Департаментпен жүзеге асырылып келеді.
Әрине, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің меритократия қағидаттары негізінде өз еңбегіне сай мансаптық өсу мүмкіндігімен қатар олардың моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.
Дегенмен, мемлекеттік қызметшілердің қызметі Әдеп кодексінде белгіленген талаптар аясында жүзеге асыру қажеттілігіне қарамастан, соңғы кезде мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу деректері әлі де орын алуда.
Мысалы, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялардың жұмысына жүргізілген талдау нәтижесімен 2026 жылдың 1-тоқсанында 151 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған. Оның ішінде, жергілікті атқарушы органдарда 111, орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінде 40 мемлекеттік қызметші тәртіптік жаупкершілікке тартылған.
Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың арасында қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін 1 мемлекеттік қызметші бар.
Талдау нәтижесімен 1 мемлекеттік қызметшіге қатысты заңсыз қабылданған тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың күші жойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2026 жылдың І-тоқсанында  7 тексеру жүргізілді, оның ішінде 3 жоспарлы және 4 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 274 заң бұзушылықтар анықталды.
Тексерулер нәтижесімен Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою туралы 5 ұсынулар енгізіліп, 1 мемлекеттік қызметшінің және 1 жеке тұлғаның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Бұдан бөлек, жұмыс уақыты режимінің бұзылуының алдын алуға және оған жол бермеу мақсатында 44 мониторинг жүргізіліп, 74 үстеме жұмыс жасау дерегі анықталды. Департаменттің хаты негізінде 52 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оларға 71 демалыс сағаттары берілді.
Департамент алдағы уақытта да өз міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың сақталуын бақылаумен қатар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарының бұзылмауын қадағалайтын болады.
М.Утаралиев,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша
Департаменттің Мемлекеттік қызмет
саласындағы бақылау басқармасының
бас маманы 
17 сәуір 2026 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 893
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 548

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930