» » МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы-на 2026–2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Биыл үміткерлер 1 сәуір мен 1 маусым аралығында admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы тіркеліп, өтініш бере алады. Құжат қабылдау мерзімі екі ай. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға 200, докторантураға 12 грант бөлінген.

– Биыл Академияда білім беру бағдарламаларының саны 14-ке дейін артты. Жаңа «EMBA Іскерлік әкімшілендіру» және «DDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару» бағдарламалары енгізілді. Сонымен қатар магистратурадағы гранттар саны 80 орынға көбейді. Кейбір бағыттар ғылыми-педагогикалық бағдарға ауыстырылып, оқу мерзімі ұзартылды, - деді Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Ақзада Мадалиева.

Оның айтуынша, «Мемлекеттік саясат» бағдарламасына түсу үшін ағылшын тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат міндетті талап ретінде енгізілген.

Академия магистратура және докторантура деңгейінде кадр даярлайды. Магистратура бағдарламалары 1 жылдан 2 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Сондай-ақ қызметпен қатар оқуға мүмкіндік беретін модульдік бағдарламалар қарастырылған.

– Қабылдау бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен үміткерлер аналитикалық эссе жазады. Кейін кәсіби және жеке құзыреттерін анықтауға бағытталған сұхбаттан өтеді. Докторантураға түсушілер үшін қосымша зерттеу жұмысының жоспары бағаланады. Бұл талаптар үміткердің дайындық деңгейін жан-жақты саралауға мүмкіндік береді. Құжат қабылдау 1 сәуірден 1 маусымға дейін, конкурстық іріктеу 5-19 маусым, алдын ала қабылдау 25 маусым, қорытынды қабылдау 10 шілде, оқу жылы 1 қыркүйекте басталады, – деді Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Гүлсара Нұрова.

Айта кетейік, үміткерлер барлық қажетті құжаттарды электронды форматта жүктеуі тиіс. Қабылдау нәтижесі конкурс қорытындысы мен сараптамалық бағалаулар негізінде анықталады.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

13 сәуір 2026 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

04 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 027
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 637

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031