» » ҚАЗАҚСТАНДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ 75,97 ЖАСҚА ЖЕТТІ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ 75,97 ЖАСҚА ЖЕТТІ

Фото: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңдегі демографиялық деректерді талдау халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайында түбегейлі өзгерістер болғанын көрсетеді. Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы ( КӨҰ) 75,97 жасқа жетіп, тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы абсолютті рекордты құрады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1991 жылы, КӨҰ орташа көрсеткіші 67,6 жасты (2001 жыл – 65,6, 2011 жыл – 68,98, 2021 жыл – 70,23) құрады. Осылайша, үш жарым онжылдық ішінде ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты.
Өмір сүру ұзақтығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – инфекциялық емес аурулармен (ИЕА) күрес бойынша іске асырылып жатқан шаралар.

2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енді. Бұл көрсеткіш ДДҰ-ның Еуропалық жұмыс бағдарламасының нысаналы индикаторы болып табылады.
Оң динамика денсаулық сақтау жүйесін дамыту, халықтың өмір сапасын жақсарту және өлімді төмендету бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін айғақтайды.

Қазақстан Үкіметі 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде елдегі күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу жөнінде өршіл мақсат қойып отыр.

06 сәуір 2026 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930