» » Телефон қуатын ұзағырақ сақтаудың тәсілі

Телефон қуатын ұзағырақ сақтаудың тәсілі

Қазір ұялы телефон үшін оңтайлы заряд 20–80% қуаттылық
Кейде ұялы телефонымыздың қуатын «толтырып» алсақ та, аз ғана уақытта таусылып жатады. Оның себебі де әртүрлі. Ал мына кеңестер телефоныңыздың қуатын ұзағырақ сақтауға көмектеседі:
Біріншіден телефонның «экономный режимін» қолданыңыз. Ол үшін ең алдымен телефон батырмаларын басқанда шығатын дыбысты өшіріп тастаған жөн. 
Екіншіден, ұялы телефонға келетін қоғырауды вибрациясыз қойсаңыз, оның қуатты ұзағырақ сақтауға көмектеседі. Оның үстіне телефон жарығын бәсең қойыңыз, тіпті флипті ашқанда жанатын жарықты өшіріп тастаңыз. Жаңа немесе ұзақ уақыт қолданылмаған батареяны 14 сағаттан кем қуаттамау қажет. Жаңа батареяның сыйымдылығын арттыру үшін оны сатып алғанда қолданбас бұрын 3 рет қуаттап, қайта «өлтіру» қажет.
Аккумулятордың ұзақ уақыт қолданылмай, тұрып қалуы болмауы керек. Сондай-ақ телефон тоқ көзінде 24 сағаттан артық қосылып тұрмауы қажет.
Телефон батареясын сақтау және оның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін заряд деңгейін 20–80% аралығында ұстаңыз, 0%-ға дейін толық разрядтаудан және 100%-ға дейін жиі зарядтаудан аулақ болыңыз. Қызып кетуден сақтаңыз, түпнұсқа зарядтағыштарды пайдаланыңыз, энергия үнемдеу режимін қосыңыз және экран жарықтығын төмендетіңіз.
Қазір ұялы телефон үшін оңтайлы заряд 20–80% қуаттылық. Қазіргі литий-ионды батареялар шектен тыс, яғни үнемі  100%-ға дейін қуаттау,  олардың тез тозуына әкеледі. Сондықтан толығымен қуаттаудың да, соңғы қуаты қалғанға дейін жүрудің де қажеті жоқ. Егер телефоныңыз сөніп қалса, мүмкіндігінше тезірек зарядқа қойыңыз.
Телефонды күннің астында қалдырмаңыз, зарядтау кезінде ауыр ойындар ойнамаңыз. 

29 наурыз 2026 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 002
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 620

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930