» » Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады?

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады?

Сәуір айында бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 8 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2026 жылдың сәуірінде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.
Демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты болады:
  • Бес күндік жұмыс аптасы үшін: 8 демалыс күні және 22 жұмыс күні;
  • Алты күндік жұмыс аптасы үшін: 4 демалыс күні және 26 жұмыс күні.
Қазақстандықтар сәуір айында қандай мерекелерді атап өтеді?
Сәуір айында қазақстандықтар бірқатар кәсіби, мерекелік және халықаралық даталарды атап өтеді:
  • 5 сәуір - Қазақстанның көші-қон қызметі күні;
  • 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні және Мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің күні;
  • Сәуірдің бірінші жексенбісі (5 сәуір) - Геологтар күні;
  • 12 сәуір - Авиация және ғарышкерлік күні, сондай-ақ Ғылым қызметкерлері күні;
  • 15 сәуір - Қазақстандағы Ғашықтар күні («Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күні);
  • 16 сәуір - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің күні;
  • 21 сәуір - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні;
  • 22 сәуір - Халықаралық Жер күні;
  • 23 сәуір - Ұлттық кітап күні.
28 наурыз 2026 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930