» » Енді шетелдегі отандастар төлқұжатты 40 күнде ала алады

Енді шетелдегі отандастар төлқұжатты 40 күнде ала алады

Фото: Сыртқы істер министрлігі (архив)
Қазір құжаттарды ресімдеу 90 күнге дейін созылса, жаңа ереже қабылданса, бұл мерзім 40 жұмыс күніне дейін қысқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі уақытта шетелдегі дипломатиялық қызметтер арқылы паспорт алу мерзімі шамамен 90 күнге дейін (egov.kz) созылса, енді 2 есе қысқарады. Жоба 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Қазір шетелде паспорт алу бірнеше кезеңнен тұрады:
- азамат консулдыққа өтініш береді;
- консулдық құжаттарды жинап, фотосурет пен төлем квитанциясын қоса Қазақстанға жібереді;
- ІІМ паспортты шығарып, мөр басып, тексерістер жүргізеді;
- дайын құжат қайтадан консулдыққа жеткізіліп, азаматқа беріледі.
Ұзақтық көбіне құжаттарды тасымалдау, қағазбастылық және консулдықтардағы кезекке байланысты.
Жаңа ереже қабылданса, құжаттарды жинау мен жіберу процесі жеделдейді, цифрлық жүйе арқылы кейбір операциялар онлайн өңделеді. Нәтижесінде шетелдегі азаматтар паспортты шамамен 2 айдан аз мерзімде ала алады, ал консулдықтардағы жүктеме азаяды.
Бұл өзгеріс шетелдердегі отандастарымыз үшін құжат рәсімдеудің жылдам әрі қолжетімді болуына мүмкіндік береді.
26 наурыз 2026 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 884
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 540

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930