» » ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КӨРДІ

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КӨРДІ


Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев жаңадан ашылған «Құзыреттілік орталығының» жұмысымен танысты.
Екі қабатты, сәулеті ерекше, 1000 орындық жаңа ғимарат қайтарылған активтер есебінен салынған.

Мұнда студенттер халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарына дайындалады. Орталық сарапшылық қауымдастықты дамыту, жұмысшы мамандықтардың танымалдығын, оған жастардың қызығушылығын арттырудың бірыңғай жаттығу базасына айналады.

Кәсіби дағды қалыптастыруға, педагогтердің, жас мамандардың озық технологиялармен жұмыс істеуіне, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына жол ашады.

Жаңа әрі заманауи ғимарат республикалық, халықаралық, деңгейдегі форумдар, конференциялар, семинарлар мен көрмелер өткізуге де бейімделген.

Айта кету керек, өңірде білім беру саласына 2022-2025 жылдары 1 трлн. 159 млрд. теңге, биыл 302 млрд. 196 млн. теңге қаралды. 2022 жылдан бері 43 жаңа заманауи білім беру нысаны салынып, пайдалануға берілді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

22 наурыз 2026 ж. 94 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

04 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 027
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 638

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031