» » Қазалы ауданында педагогтармен референдум мәселесі талқыланды

Қазалы ауданында педагогтармен референдум мәселесі талқыланды

Бүгін Қазалы ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері білім саласының өкілдерімен кездесті. Іс-шара №249 мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, оған 200-ден астам педагог қатысты.
Жиын барысында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдум және жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жөнінде ақпарат берілді.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі, өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов референдумды өткізу тәртібі мен Конституция жобасын әзірлеу кезеңдері туралы мәлімет берді.

«Жоба Конституциялық комиссия мен жұмыс топтарының талқылауынан өтті. Қоғам тарапынан түскен ұсыныстар жүйеленіп, құжат мазмұнына енгізілді. Референдум – азаматтардың өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі», – деді ол.
Өңірлік коалиция мүшелері Садық Мұстафа мен Ержан Искендер де сөз сөйлеп, жоба аясында қарастырылған өзгерістердің түрлі салаларға, соның ішінде білім беру жүйесіне қатысты тұстарына тоқталды.
«Конституция жобасында білім беру саласына қатысты нормалар нақтыланған. Кездесудің мақсаты – педагогтарға құжат мазмұнын түсіндіру және туындаған сұрақтарға жауап беру», – деді Садық Мұстафа.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, осындай форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасады.
03 наурыз 2026 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930