» » Өңірлерде алдағы референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Өңірлерде алдағы референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 15 наурызға Конституцияның жаңа жобасын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум тағайындауына байланысты өңірлерде ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілуде.

Қызылорда қаласында Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің қатысуымен қала тұрғындары және жоғары, орта арнаулы оқу орындарының қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі Еркебұлан Құлбасов және партияның Партиялық бақылау департаментінің инспекторы Венера Есілбаева қатысты.

Кездесу барысында референдумның өткізілу тәртібі мен Конституция жобасының негізгі ережелері туралы ақпарат берілді. Спикерлер жоба баптарына қатысты түсіндірме жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Іс-шарада аймақтық коалиция мүшелері де сөз сөйлеп, Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, осындай форматтағы ақпараттық кездесулер өңірлерде жалғасады.
03 наурыз 2026 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 535

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930