» » 2026 жылы Қазақстанда жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

2026 жылы Қазақстанда жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, министрлікке қарасты ұйымдар, әлеуметтік серіктестер қатысты.
Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Азаматтардың жағдайы мен елдің тұрақты дамуы жаңа Конституция жобасының негізгі өзегіне айналғаны айтылды.

Отырыста басты мәселелердің бірі халықты жұмыспен қамту тақырыбы болды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 2,9 млн сапалы жұмыс орны сақталды. 2026 жылы өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 547,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Жиында жұмыс орнындағы адам қауіпсіздігі мен қорғалуы да қаралды. «Цифрландыру жағдайында ыңғайлы әрі түсінікті коммуникация құралдарын енгізу маңызды», – деп есептейді Аида Балаева.

Сонымен қатар, тараптардың кепілдіктерін, құқықтары мен міндеттерін айқындайтын еңбек шартын әзірлеу тапсырылды.
Ведомствоның басым міндеттерінің бірі – мүгедектігі бар адамдарды кешенді әлеуметтік қорғау. Оларды жұмыспен қамту тәсілдерін жетілдіру, техникалық қажет құралдарымен қамтамасыз ету және инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін арттыру мәселелері өзекті екені айтылды. Сондай-ақ, мүгедектігі бар балаларды дамыту мен әлеуметтендіруге ерекше назар аударылды.
Мүгедектікті тағайындау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Премьер-министрдің орынбасары Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіруді тапсырды. Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында министрлік алдында әлеуметтік-еңбек саласын технологиялық тұрғыда жаңғырту бойынша ауқымды міндет тұрғаны сөз етілді.
Отырыста министр Асқарбек Ертаев баяндама жасап, ведомство жұмысының нәтижелерін қорытындылап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгіледі.
24 ақпан 2026 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930