» » Кенеттен тексеріс: Десанттық-шабуылдау әскерлері дабылмен көтерілді

Кенеттен тексеріс: Десанттық-шабуылдау әскерлері дабылмен көтерілді

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік әзірлігі қауырт тексеріліп жатыр. Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен ұйымдастырылған бұл шара құрамалар мен әскери бөлімдерге жүктелген міндеттерді орындау қабілетін бағалауға бағытталған.
Кең ауқымды инспекция осы жылдың 19 ақпанына дейін жалғаспақшы. Тексеру аясында полигондарда оқу-жауынгерлік тапсырмалар кешенін орындау да көзделген. Бөлімшелер жауынгерлік даярлықтың межелі деңгейіне келтіріліп, белгіленген аудандарға жіберіледі.
Тексеру барысында негізгі жауапкершілік Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысына жүктеледі. Ол бөлімшелердің белгіленген аудандарда уақытында шұғыл орналасуын және дайындық кезеңінде де, жауынгерлік оқу-жаттығу іс-қимылдары барысында да үздіксіз басқарылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Жеке құрам үш күн бойы роталық тактикалық топпен өткізілетін тактикалық жаттығу аясында практикалық іс-қимылды пысықтайды. Жаттығу жоспарына қарай бөлімшелер елдімекендерді заңсыз қаруланған шартты топтардан тазарту міндеттерін орындайды. Одан бөлек жауынгерлік техниканың жарағы мен атыс қаруынан оқ ату жүргізіледі.
Әскери қызметшілер сондай-ақ, жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндерінен де сынақ тапсырады. Әсіресе дене даярлығы, штаттық қарудан атыс жүргізу дағдылары, тактикалық медицина, байланыс құралдарымен жұмыс және өзге де бейіндік пәндер бойынша даярлық деңгейі жіті назарға алынатын болады.
Қорғаныс министрі жеке құрамның жан-жақты даярлығын қамтамасыз ету, жарғы қағидаларын қатаң сақтау және қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындау қажеттігін атап өтті.
Тексеру соңында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығы кешенді түрде бағаланады.


16 ақпан 2026 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930