» » Депутат мектептердегі заңсыз уағыз бен көпәйелділік насихатына тосқауыл қоюды ұсынды

Депутат мектептердегі заңсыз уағыз бен көпәйелділік насихатына тосқауыл қоюды ұсынды

«Референдум–2026» ақпараттық алаңында Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Мұрат Әбенов маңызды мәлімдеме жасады. Ол зайырлылық ұстанымдарын қатаңдату, білім беру саласын діни ықпалдан қорғау және отбасы институтының конституциялық негіздерін сақтау мәселесін көтерді, – деп хабарлайды KAZINFORM 

Мұрат Әбеновтің айтуынша, қазіргі таңда діни ағымдардың мектептер мен колледждерге еніп, балалардың дамуына кедергі келтіруі жиілеп кеткен. Депутат мемлекеттік қаржымен жұмыс істейтін оқу орындарында заңсыз уағыздардың айтылуына түбегейлі қарсы.

– Дін өзіне қатысы жоқ жерге араласып жатыр. «Домбыра тартуға болмайды, өнермен айналысуға болмайды» деген сияқты тыйымдармен балалардың дамуына қарсылық білдіріп жатады. Сабақ уақытында балаларды мешітке апарып, шаралар өткізу – бұл бала құқығын тікелей бұзу, – деді Мұрат Әбенов.
Депутат діни сала мен білім беру саласының аражігін нақты ажыратып, заңмен шегендеу қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар қоғамда белең алған «екінші әйел алу» насихаты да депутаттың назарынан тыс қалмады. Мұрат Әбенов бұл үрдістің Конституция қағидаттарына қайшы келетінін және әйелдер мен балалардың құқығын аяққа таптайтынын жеткізді. 

Конституцияның жаңа жобасында отбасы туралы норма «неке – тек бір ер адам мен бір әйел адамның өз еркімен бас қосуы» деп нақтыланбақ. 

– Бірінші әйел, екінші әйел деп насихаттау – саясатқа қарсы. Бұл жерде балалар мен әйелдердің құқығы бұзылады. Сондықтан біз Конституцияға неке тек бір ер адам мен бір әйел адамның арасында болады деп жаздық, – деп түсіндірді комиссия мүшесі.
 
Фото: видеодан алынған скрин
14 ақпан 2026 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930