» » Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы еңбек ұжымымен кездесті

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы еңбек ұжымымен кездесті

Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов Жаңа Конституция жобасын таныстыру мақсатында «Қызылорда жылу электр орталығы» ұжымымен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты - әрбір азаматтың жаңа Ата Заңның мәні мен маңызын терең түсінуіне жағдай жасап, конституциялық реформалардың ел дамуына ықпалын жан-жақты түсіндіру.
Кездесу барысында мәслихат төрағасы Конституцияның қоғам өміріндегі айрықша рөліне тоқталып, онда көзделген бірқатар маңызды өзгерістерді атап өтті.
-Президентіміз адал еңбекті барлық жетістіктің бастауы, табысқа жетудің басты кілті деп бағалап, «Адал азаматқа» тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік, білімпаздық, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену секілді асыл қасиеттер шынайы еңбек адамының бойынан табылатынын айрықша атап өткен болатын. Сіздер – өңірдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп, халыққа жылу мен жарық сыйлап отырған нағыз еңбек майталмандарысыздар.
Жаңа Конституцияның басты өзегі – адам және оның қадір-қасиеті. Ал еңбек адамының құқығын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, еңбекке лайықты жағдай жасау – осы құндылықтардың нақты көрінісі. Сондықтан да Конституциялық реформалар – әрбір еңбек адамының өміріне тікелей әсер ететін, олардың мүддесін көздейтін маңызды өзгерістер.
Бастапқыда парламенттік реформа аясында Ата Заңның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу көзделгенімен, талқылау барысында реформаның ауқымы әлдеқайда кең екені айқындалды. Жаңа редакциядағы Конституцияның басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде айқындалып, бүкіл Ата Заңның мағыналық өзегіне айналуы.
Жаңа Конституцияның Преамбуласында алғаш рет адам және оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде бекітілді.
Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешім
15 наурызда өтетін республикалық референдум арқылы қабылданады. Сондықтан әрбір азаматтың бұл референдумға қатысып, өз пікірін білдіруі – ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін азаматтық жауапкершілігі болып табылады, - деді облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов.
Кездесу барысында ұжым қызметкерлері ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуындағы маңыздылығына тоқталып, өзара пікір алмасты.
Аталған басқосу еңбек ұжымының азаматтық белсенділігін арттырып, олардың ел болашағына жоғары жауапкершілікпен қарайтындығын көрсетті.
13 ақпан 2026 ж. 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930