» » ПАРТИЯ АКТИВІНІҢ ЖИЫНЫНДА АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

ПАРТИЯ АКТИВІНІҢ ЖИЫНЫНДА АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ


«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Қармақшы ауданына жұмыс сапары барысында партия активімен кездесті.

Маңызды жиынға бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия мүшелері мен белсенді жастар қатысып, партияның алдағы міндеттері мен өңірлік даму бағыттары кеңінен талқыланды.

Кездесу барысында партияның ел дамуына бағытталған бағдарламалық мақсаттары, Қармақшы ауданында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар сөз болды. Жандос Базартай партия мүшелерінің белсенділігі мен ұйымшылдығын атап өтіп, ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек етудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жергілікті партия активінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды алдағы жұмыс барысында ескерудің қажеттігін жеткізді.

Жиын соңында «Аэропорт» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бауыржан Дүйсенбаевты зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтап, партияның дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін алғыс білдіріліп, арнайы сый-сияпат табыс етілді.

Сонымен қатар, партия жұмысына белсене араласып, қоғамдық-саяси жұмыстарда белсенділік танытып жүрген бірқатар партия мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.

03 ақпан 2026 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930