» » ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ


Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев «Қызылорда Арена» көпфункционалды спорт кешенінің құрылыс барысымен танысты. Аумағы 25 мың шаршы метр болатын нысан 3 және 4 қабатты блоктардан тұрады. Бас мердігер «ASPAN HOLDING», бас жобалаушы «Жоба», техникалық қадағалаушы «Строй-Проф» серіктестіктері.

Кешен олимпиадалық стандарттарға сай келетін 50 метрлік бассейнмен, Азия, Әлем чемпионаттары сияқты ауқымды жарыстар өткізуге арналған 2500 орындық зал, олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдарымен қамтылады. Құрылысы екінші жартыжылдықта аяқталады.

Айта кетейік, 2022 жылдан бері өңірде 24 спорт нысаны салынса, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерде тағы 4 спорт кешені ел игілігіне табысталады.

Мемлекет басшысының аймақтарда спорт инфрақұрылымын, оның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салу туралы тапсырмасына сәйкес, 11 мың орындық жаңа стадион ашылды. УЕФА-ның IV санатты сертификатын алған жаңа нысанда ауқымды спорттық шараларды өткізуге барлық мүмкіндік жасалған.

Ерлер мен әйелдерге арналған «Қызылорда бокс клубы», балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Самұрық Қазына Траст» қорымен бірлесіп «Теннис орталығы», «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері ашылды. Қызылорда қаласында ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған заманауи «Инклюзивті спорт орталығы» ел игілігіне табысталды.

Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы мен Жалағаш ауданының орталық стадионы күрделі жөндеуден өтті. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 80 спорт-ойын алаңы орнатылған.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

27 қаңтар 2026 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930