» » Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағының басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қар жауады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде оңтүстікте және таулы аудандарда, күндіз батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысы мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде түнде, ал күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде және орталығында тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының шығысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Жел шығыстан және солтүстік-шығыстан соғады, облыс орталығында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысында тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Абай облысында түнде қар жауып, боран соғады, ал күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында қар жауып, боран соғады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында және оңтүстігінде аздап қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан соғып, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі.
Жетісу облысының шығысында және таулы аудандарында мезгіл-мезгіл тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
24 қаңтар 2026 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 174

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031