» » Ақпан айында ел тұрғындары неше күн демалады?

Ақпан айында ел тұрғындары неше күн демалады?

Ақпан айында мемлекеттік мерекелер жоқ. Осыған байланысты демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді. Қыстың соңғы айы ең қысқа уақыт. Сондықтан ақпанда ел тұрғындарын барлығы 8 демалыс күні ғана күтеді, деп жазады Egemen.kz
Дегенмен, ақпанда бірқатар кәсіби және өзге де атаулы күндер бар. Олар ресми демалыс ретінде саналмаса да, сол сала өкілдері арасында атап өтілетіні мәлім.
Кәсіби мерекелер тізбесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес бекітілген.
Кәсіби және атаулы күндер:
  • 1 ақпан – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні
  • 2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні
  • 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні
БҰҰ күнтізбесі бойынша халықаралық күндер:
  • 4 ақпан – Қатерлі ісікке қарсы күрес күні, Адамзаттық бауырластықтың халықаралық күні
  • 10 ақпан – Дәнді-бұршақты дақылдардың дүниежүзілік күні
  • 11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні
  • 12 ақпан – Қызыл қол күні (2002 жылдан бері БҰҰ деңгейінде соғысқа тартылған балаларды еске алу күні); Дарвин күні
  • 13 ақпан – Дүниежүзілік радио күні
  • 20 ақпан – Әлеуметтік әділеттілік күні
  • 21 ақпан – Ана тілі халықаралық күні
  • 27 ақпан – ҮЕҰ-ның дүниежүзілік күні (үкіметтік емес ұйымдар күні)
Осылайша, ақпан айында қосымша демалыс күндері қарастырылмағанымен, ай бойы түрлі кәсіби және халықаралық мерекелер аталып өтеді.
14 қаңтар 2026 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930