» » БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ – БІРІНШІ ОРЫН

БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ – БІРІНШІ ОРЫН

Елімізде болмаса шетелде жоғары не арнайы білім алып жүрген жастарымыздың қандайда бір сайыста жеңімпаз болғанын естісек, көңіліміздің таси жөнелетіні рас. Туған жерден жырақ жүрсе де, білім-білігімен елдің немесе туған жерінің атын шығарып жатса, қалайша қуанбайсыз?! Бұл жастарымыздың жеңісі ғана емес, туған топырағының мәртебесінің өсіп-өркендеуіне де қосылған үлкен үлес болып табылмақ.
Жуырда тағы бір игі жаңалықтың куәсі болып отырмыз. Атап айқанда, тәуелсіздік мерекесінде Алматыда «Ice Scream ХІІ» Нархоз университетінің қолдауымен, «ТЭО» пікірсайыс клубы орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары арасында өткен республикалық дебат-пікірсайысында жерлесіміз, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Тоғжан Мырзабек 80-нен аса фракциядан (команда) үздік шығып, сайыстың I орнын жеңіп алды. 2 студент жастан құралған команда ең жоғары бағаға ие болған. Бүгінде Тоғжан Дастанбекқызы Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің II курсында білім алып жүр.
– Сайыс тәуелсіздік күніне арналды. 15-16 желтоқсанда екі күн қатарынан болды. 15-інде іріктеу 4 ойын ойнатылып, одан жоғары көрсеткіш көрсеткендер келесі күнгі плэй-оффқа жолдама ұтты. Бұл күнге өткен 32 фракциядан ұтылғандар 5 ойында шығып қалып отырды. Дебаттың шарты бойынша бұған дейін мүлде дебат ойнамаған студенттер қатысу керек. Жюрилер құрамы әртүрлі клубтардағы дебатшылардан тұрды. Олардың кейбірі студент болса, кейбірі бітіріп кеткендер. Фракцияласым Әлихан Болатұлы екеуміз жақсы нәтиже көрсету арқасында дебаттың І орнын қанжығамызға байладық, – дейді білімдар Тоғжан қызымыз Алматы шаһарынан.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
23 желтоқсан 2025 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930