» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жиында аудан көлемінде орын алған кадрлық өзгерістер таныстырылды.

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығына сәйкес, Қармақшы ауданының прокуроры лауазымына Нұрбек Келсімұлы Қаратаев тағайындалды.

Нұрбек Келсімұлы 1985 жылдың 22 шілдесінде Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Прокуратура органдарындағы қызметін 2009 жылы Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі ретінде бастап, кәсіби жолында облыстық прокуратураның әртүрлі жауапты лауазымдарын абыроймен атқарған. Ол облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, облыс прокурорының аға көмекшісінің м.а., басқарма бастығы, облыс прокурорының көмекшісі, Сырдария ауданы прокурорының орынбасары, Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі қызметтерінде еңбек етті.

2022 жылдан 2025 жылдың 9 желтоқсанына дейін Шиелі ауданының прокуроры лауазымын абыроймен атқарған.

Актив отырысында аудан басшылығы Нұрбек Келсімұлын жаңа қызметімен құттықтап, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды міндеттеріне сәттілік тіледі.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

13 желтоқсан 2025 ж. 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930