» » Қазақстандықтарға 1414-тен келетін SMS-тер туралы ескерту жасалды

Қазақстандықтарға 1414-тен келетін SMS-тер туралы ескерту жасалды

Қазақстандықтар әлеуметтік желілердегі алаяқтық туралы үнемі шағымданады. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі телефон алаяқтарының әрекеттерінен қорғауды күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, бұған дейін бірқатар мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен сервистерге кіру бір реттік код арқылы ғана жүргізілді.
"Салдарынан алаяқтар айласын асырды, "жәбірленушінің" телефон нөмірін енгізіп, 1414 нөмірі арқылы SMS-хабарлама жіберіп отырды. Осыған байланысты ақпараттық жүйелердің иелеріне 1414 нөмірінен SMS жіберу тетігін қолдану үшін қолжетімділік талаптарын күшейту тапсырылды", - делінген хабарламада.
Енді 1414 SMS-шлюзін пайдаланатын ақпараттық жүйелерге кіру қосымша қорғалады және тек биометриялық аутентификация (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе арнайы QR-код (eGov QR) арқылы ғана мүмкін болады.
10 желтоқсан 2025 ж. 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 300
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 450

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30