» » ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА


Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, қала әкімі Нұржан Ахатов, жауапты сала басшылары құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын бақылады.
Алдымен сол жағалаудағы 9 қабатты 120 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысын көрді.
Жалпы ауданы 7011 шаршы метр болатын үйлерде бір бөлмелі 18, екі бөлмелі 66, үш бөлмелі 36 пәтер бар.
Келесі нысан - дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Құрылысына 2,9 млрд теңге қаралған нысан «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынуда. Онда бір мезетте 131 спортшы жаттыға алады. Бірінші қабатта волейбол, екінші қабатта күрес және басқа да залдар орналасады.
Әрі қарай Титов мөлтек ауданындағы әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін бой көтерген 5 қабатты 135 пәтерлік тұрғын үйдің құрылыс алаңына барды. Жаңа тұрғын үйде 35 бір бөлмелі, 80 екі бөлмелі, 20 үш бөлмелі пәтер бар.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

07 желтоқсан 2025 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930