Бибігүл


Жеңгем деп, еркелеймін көргенімде,
Әлі есімде, кішкене кездерім де.
Туған ауыл төрінде еңбек еттің,
Техниканы меңгергенің – ел есінде.
Балалық пен қызығушы ек, біз болсақ,
Үлгі тұтып жүруші едік газет ұстап.
Шынашақтай сол ару – жеңгем екен,
Бақытты боп, қайда жүрсе көңілі шат.
Тал шыбықтай бұралған сүйкімді ару,
Мінезіне көркі сай – жігіт зәру.
Майда сөйлеп, сызылған жан болған соң,
Айтқан сөзің зәмзәмды жанға дәру.
Тракторды жүргізген жан – қандай екен?
«Ер тұлға, шомбал білек»... елестетсем.
Нәзіктіктен шыңдалған Бибігүлден, сенесіз бе,
Батыр қызы қазақтың – шықты десем?
Сонау Кеңес заманында жас шағың –
Жұлдыз жанып, еңбек жолын бастадың.
Екінің бірі істей алмайтын,
Ұлы ерлікке аяқ бастың, саспадың.
Шалқар шабыт айдынында жүзгендей,
Қанат байлап, темір тұлпар тізгіндей.
Киесіндей – өмірінің жолы айқын,
Жан дүниесі ұлы күшті сезгендей.
Ерлерменен қатар жүріп танбастан,
Арнау жазды, талай ақын жыр-дастан.
Жыр ғұмырың – тарих болды бұл күнде,
Әр парағы даналыққа ұласқан.
Жылдың төрт мезгілі, демалыссыз,
Егін егіп, шөп шауып, мал бақтыңыз.
Барлығына техника күші керек,
Үлгеретін бәріне жан-жақтысыз.

Қанат жайдың, туған жердің төсінде,
Араластың мұң-мұқтажды шешуге.
Ел сенімін ақтаймын деп, ақ таңда,
Делегат боп, Мәскеу астың съезге.
Сый құрметін еліңнің көре жүрдің,
Отаның – отбасы, бала өсірдің.
Ата-ене, жолдасыңның бабын тауып,
Кеш жатып, таң атпастан ерте тұрдың.
Көңіл көгі көкжиекке ұласатын,
Матор үні жүйткіген қыр асатын.
Жастық шағың өтті қымбат естелік,
Еске алғанда марқайып бір қалатын.
Ел де риза, туған-туыс бір төбе,
Құрақ ұшқан, көрген-білген сол кезде.
Аталатын атың сонау Алматы мен Мәскеуден,
Төсбелгі мен орден тақтың бірнеше.
Батырлығын алыптар да сезген жоқ,
Ерлігімен тарихта қалған көп.
Еншісінде уақыттың қалғандай,
Бақыттысың, алғыс алдың елден тек!
Радио мен теледидар сайрайтын,
Таратудан күн-түн демей тынбайтын.
«Қазақстан әйелдері» жорналы,
Мұқабасын Бибігүлге арнайтын.
Ол заманда автокөлік жоқтың қасы,
Айлап, жылдап көрмейсің Қызылорданы.
Бибігүлдің арқасында көп жылдар,
Арнаулы автобустар жүріп жатты.
Жетпістен асты жеңгем – Аңыз адам,
«Құттыхана» мешіті – Орда болған.
Тіл-көзден аман етсін, тфәй, тфәй,
Немере мен шөбереге үйі толсын.
Кездесулер, жүздесулер шақырар,
Хикаялар мінберлерден айтылар.
Талай-талай ұрпақ өсер нәр алып,
Жолын берсін – сөзін ұғар халқы бар!
Сырға АЛДАСҮГІРОВА,
ДҮР ОҢҒАР АУЫЛЫ
07 желтоқсан 2025 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 027
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 698

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031