» » ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА


Қармақшы ауданының орталығында жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

Рейдтік топ құрамында аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, білім беру ұйымдарының директорлары және жастар ресурстық орталығының мамандары қамтылды. Топ мүшелері кешкі мезгілде жасөспірімдер жиі шоғырланатын қоғамдық орындар мен ойын-сауық нысандарын, атап айтқанда, компьютерлік клубтар, саябақтар, спорттық алаңдар мен дүкендерді аралап шықты.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға түнгі 23:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 желтоқсан 2025 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930