Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжамынша, 3 желтоқсанда республиканың кей өңірлерінде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлытау өңірінің солтүстігі мен шығысында таңертеңгілік тұман байқалады. Қарағанды облысында да ауа райы құбылып, батысы мен шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз кей бөліктерде жағдай одан сайын қиындап, солтүстік пен оңтүстікте тұман қоюланады. Қарағанды қаласында 3 желтоқсан күні күннің екінші жартысында көктайғақ болады.
Алматы облысының солтүстік және оңтүстік аудандарын да тұман басады. Батыс Қазақстанда тұман мен көктайғақ жиілеп, Орал қаласында түнде және таңертең жолдар тайғақ болуы мүмкін. Маңғыстаудың орталығы мен солтүстік-батысында да көріну деңгейін төмендететін тұман күтіледі.
Жамбыл облысында жел бағыты өзгеріп, солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Тараз қаласында 3-4 желтоқсанда да тұман болады. Астанада да көріну мүмкіндігі нашарлайды.
Ақтөбе облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік аумақтарында көктайғақ байқалады. Ақтөбе қаласында 3 желтоқсанда таңертең тұман түседі.
Атыраудың солтүстік және шығыс бөліктерінде де тұман болады. Абай облысында батыс пен солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта бірқатар аудандарда тұман түседі.
Шығыс Қазақстанның солтүстік және оңтүстік бөліктерінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында да тұман мен көктайғақ орын алады. Петропавл қаласында да көріну қиындайды. Павлодар облысының оңтүстік және батыс бөліктерінде көктайғақ пен тұман күтіліп, облыс орталығында да түс ауа тұман сақталады.
Ақмола облысында қар жауып, бұрқасындата соғатын жел күшейеді. Батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда мұзды қабат пайда болуы ықтимал. Күндіз жаңбыр мен қар араласып жауып, жолдарды тайғақ етеді. Көкшетауда тұман байқалады.
Қызылорда облысының солтүстік және орталық бөліктерінде тұман басып, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында да аракідік тұман түсуі мүмкін.
Жетісу облысының шығыс, орталық және таулы аудандарында тұман қатты жиілейді. Солтүстік-шығыстан соққан жел Алакөл аймағында күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысының батысы, оңтүстігі және таулы аумақтарында да тұман түседі. Түркістан қаласында түнгі және таңғы уақытта көріну шектеледі.














