» » Денсаулық сақтау министрлігі: 2026 жылға арналған сатып алу шеңберінде дәрі-дәрмектің бағасы 50%-дан 300%-ға дейін төмендеді

Денсаулық сақтау министрлігі: 2026 жылға арналған сатып алу шеңберінде дәрі-дәрмектің бағасы 50%-дан 300%-ға дейін төмендеді

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету реформасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі баға белгілеудің жаңа жүйесін енгізді.

Өндірушінің бағасын тіркеудің бірыңғай тәсілі, маркетингтік және көлік үстемелерін алып тастау, генериктерге бағаны 30%-ға төмендету, сондай-ақ халықаралық рефераттау объективті шекті бағаларды қалыптастыруға және негізсіз қымбаттауды болдырмауға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде 2026 жылғы сатып алуларда 2025 жылмен салыстырғанда көптеген препараттардың бағасы 50%-дан 300%-ға дейін төмендеді, ал жалпы үнемдеу 36 млрд теңгеден асты.

Мысалы, дәрі-дәрмектің келесі атауларына бағаның төмендеуі байқалды: Иматиниб - 9 450 теңгеден 2 348 теңгеге дейін Бевацизумаб-360 000 теңгеден 77 000 теңгеге дейін. Дәрі-дәрмектерді сатып алу шеңберінде барлығы қымбат онкологиялық препараттарды қоса алғанда, 66 позиция бойынша бағаның төмендеуіне қол жеткізілді.

Отандық жетекші фармацевтикалық өндірушілер жаңа қағидаларды қолдады. «Нобель АФФ», «Абди Ибрагим Глобал Фарм», «Химфарм», «Kelun-Kazpharm» компаниялары және басқалары жеткізілетін препараттардың бағасын бейімдеп, желісін кеңейтті.

Үнемделген қаражат қымбат емдеуді қажет ететін пациенттерді қамтамасыз етуге жұмсалады.
02 желтоқсан 2025 ж. 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 127

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930