» » Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады

Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады

Қазақстан халқының банк депозиттері 27 трлн теңгеге жақындап қалды. Бір жыл ішінде олардың көлемі 17,6 пайызға немесе шамамен 4 трлн теңгеге артқан. Сонымен қатар орташа сыйақы мөлшерлемесі де өсті, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылғы қазан айында ел банктеріндегі депозиттер көлемі 26,7 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,6 пайызға көп.
Депозиттердің басым бөлігі – 20,6 трлн теңге (77,42 пайыз) ұлттық валютада сақталуда. Қалған 6 трлн теңге (22,58 пайыз) шетел валютасындағы салымдар. Бір ай ішінде теңгедегі депозиттер шамамен 1 пайызға, валюталық салымдар 1,4 пайызға өскен.
Қазіргі кезде жинақ депозиттерде 3,9 трлн теңге, мерзімді және мерзімсіз депозиттерде 19,3 трлн теңге, шартты салымдарда 6,3 млрд теңге сақталып отыр. Сондай-ақ 3,5 трлн теңгеге жуық қаражат талап етілгенге дейінгі және ағымдағы шоттарда, яғни халықтың банк карталарында тұр.
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша депозиттер құрылымы:
– теңгеде: 20,6 трлн теңге
– шетел валютасында: 6,1 трлн теңге
– жалпы: 26,7 трлн теңге
Салымдардың артуына байланысты банктер депозиттік өнімдер бойынша талаптарын да біртіндеп жақсартып келеді. Мәселен, Ұлттық банк деректеріне сүйенсек, өткен жылы қазан айында ашылған депозиттердің орташа нарықтық мөлшерлемесі 13,1 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 14,6 пайызға дейін өскен.
Бұл өсімге елдегі ақша-несие саясатының қатаюы да әсер етті. Қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтерген еді. Соның нәтижесінде екінші деңгейлі банктер де салымшыларды көбірек тарту үшін депозиттік мөлшерлемелерін арттырды.
29 қараша 2025 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 976
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 655

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031