» » ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Партиялық Бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің есебі тыңдалды. Отырыста бағдарлама аясында ауданға тартылған жас мамандар саны, оларды тұрғын үймен және көтерме жәрдемақымен қамтамасыз ету көрсеткіштері баяндалды. Сонымен бірге кадр тапшылығын азайту бағытында алдағы жоспарлар ұсынылды.

Сонымен қатар, Жосалы кенті әкімінің сайлауалды бағдарлама бойынша есебі тыңдалды. Әкімдік тарапынан кент аумағында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік нысандарды жаңғырту, абаттандыру жұмыстары және тұрғындар көтерген мәселелердің орындалу барысы туралы мәліметі ұсынылды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған бастамалар таныстырылды.

Отырыс барысында комиссия мүшелері нақты ұсыныстар айтып, бағдарламалардың орындалу сапасын арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту және халықпен кері байланыс тетіктерін жақсарту бағыттарын атап өтті.

28 қараша 2025 ж. 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930