ҰЛТ САУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ МҰРАТЫМЫЗ
Медицина – еліміздегі ең маңызды саланың бірі. Сол себепті де Мемлекет басшысының әр жылдардағы Жолдауларында атаулы салаға аса басымдық беріліп, қолдаулар көрсетіліп келеді. Оның ішінде медициналық нысандарды заманауи аппарат-құралдармен жабдықтау, жаңа уақытқа бейімделген медициналық нысандар құрылысын халық қолданысына беру, сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері өз шешімін табуда. Сала адам өмірімен тікелей байланысты болғандықтан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы тұрғыда елімізде медицина уақыт талабына сай дамып, жетілу үстінде.
Осындай келелі жұмыстарға аудан орталықтарындағы медицина ұйымдары да өз үлесін қосып отыр. Мақаламызда биылғы жылдың 9 айында ауданның денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыстарына тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз. Жалпы медициналық көмек аудан тұрғындарына аудандық аурухана арқылы көрсетіледі. Оның құрамына 135 орындық аудандық аурухана, 250 орындық қабылдауы бар аудандық емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық бекет кіреді. Орталық аурухананың 108 төсектік орны аудан орталығында орналасса, Т.Көмекбаев ауылында 8 төсектік тәуліктік стационар бөлімі елді мекен тұрғындарына қызмет көрсетеді. Оның ішінде 28 төсектік терапия, 10 төсектік гинекология, 20 төсектік хирургия, 21 төсектік балалар бөлімшесі, 10 төсектік перзентхана бөлімі, 17 төсектік жұқпалы аурулар және 16 төсектік қайта қалпына келтіру бөлімшесі халықпен етене жұмыс істеуде. Ауданда халық тіркелім порталына тіркелген тұрғындар саны 30730-ды құраса, ересектер 19074, жасөспірімдер 1604, балалар 10052, туу жасындағы әйелдер саны 5852 адамды құрайды.
Салада барлығы 724 қызметкер жұмыс істесе, оның 72-сі дәрігер, 376-сы орта буын медицина қызметкері, 107-сі кіші буын, 169-ы басқа да қызметкер еңбек етеді. Дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 75 пайыз болса, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтылуы 100 пайыз. Дәрігерлердің 54 пайызы, орта буын қызметкерлерінің 58 пайызы санаттылық дәрежесімен қызмет атқаруда. Саланың бір ерекшелігі – «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Енді осы бағыттағы атқарылған жұмыстарды жекелей айтып өтсек.
Ересектер арасында алдын ала скринингтік тексеруде қан айналым жүйесі бойынша алдын ала 40-64 жас аралығындағы тексеруден өтуге өткен жылы 3172, биыл 2990 адам жоспарланса, ол толығымен орындалды. Нәтижесінде анықталған науқастар саны өткен жылы 131, осы жылы 85 тұрғынды құрап отыр. Олардың барлығы да диспансерлік есепке алынған. Осы жас аралығындағы қант диабеті бойынша 2024 жылы 3905, 2025 жылы 3921 адамды тексеруге жоспарласақ, оның орындалу пайызы өткен жылы 87,7, биылғы жылы 88,1 пайызды құрады. Скрининг нәтижесімен 2024 жылы 25, 2025 жылы 13 науқас анықталып, тіркеуге алынды. Су қараңғы (глаукома) ауруына тексерілуге өткен жылы 4041, осы жылы 4064 адам жоспарланса, орындалу пайызы 87,4 және 88,9-ды құрады. Диспансерлік есепке өткен жылы 4, биыл 27 науқас есепке алынды. Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында осы жылы 1930 адам тексерістен өту керек болса, соның 1788-і өтіп, 92,6 пайызды құрады. Қорытындысында 638 нәзік жанның дерттілігі анықталды. Жатыр мойны қатерлі ісігіне 30-35- 60 жас аралығындағы 1493 әйел-ана жоспарланса, ол 80,4 пайызға орындалып, 146-сы есепке алынды. Келесі тексеру – 50-70 жас аралығындағы тоқ ішек пен тоқ ішек қатерлі ісігін анықтауда осы жылдың 9 ай қорытындысында 2127 адам жоспарланса, ол 97,1 пайызға орындалып, бірде-бір науқас анықталмады.
Сондай-ақ медициналық көмекке жүгінгендердің кейбірі ережемен бекітілген тегін дәрі-дәрмек алу құқығына ие. Бұл ретте аудан тұрғындарының жекелеген санаттағы науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде 341792605 теңге бөлініп, қаржы 100 пайыз игерілді.
Медицина қызметіндегі басты жұмыстардың бірі – дәрігерлік қабылдау болса, емхана көрсеткіші бойынша аудан дәрігерлерінде 162678 қабылдау өткізілген. Тұрғындар арасында аурушаңдығына байланысты осы жылдың 9 айында 27462 науқас тіркелсе, 2024 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 27751 болды. І орында қан айналым, ІІ орында тыныс алу, ІІІ орында несеп шығару жүйесінің аурулары алып отыр.
Балалар арасындағы сырқаттылық 9 айда 6916, жасөспірімдер арасындағы сырқаттылық – 1359. Ересектер арасындағы сырқаттылық – 19187. Емхананың күндізгі емдеу стационарында 1923 науқас емделіп шықса, үй жағдайында тұрғындарға қызмет көрсету аясы 18486-ны құраған. Акушерлік-гинекологиялық қызмет туралы айтар болсақ, ауданда 14923 (15201) әйел тіркеуде тұрса, оның 5852 (6029) туу жасындағылар. Туу жасындағы әйелдің 5852-сі де жекелеген халықтың тіркелімі порталына тіркелген. Олардың 79,9 (80,2) пайызы контрацепциямен қамтылған. Екі жылдың 9 айында ана өлімі тіркелген жоқ.
Гинекологиялық науқастардың диспансеризациясы: бұл жұмыс жалпы тәжірибелік дәрігерлердің қатысуымен жүргізіледі. Аймақтық акушер-гинекологтарда жүктілікке абсолютты қарсы көрсеткіштері бар әйелдер тізімі бойынша қаралып, контрацепциямен қамтамасыз етіледі. Анықталған аурулар «Д» есепке алынып, сауықтырылып мамандар кеңесіне жіберіледі.
Туберкулезді анықтау, алдын алу және емдеу жұмыстарын 2024-2025 жылдардың 9 ай қорытындысымен сараптар болсақ, 2024 жылдың 9 айында 10 науқас жаңадан тіркеліп, аурушаңдық 31,6 пайыз болса, 2025 жылдың 9 айында 9 науқас туберкулездің жаңа жағдайымен тіркеліп, аурушаңдық 28,9 пайыз болды. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген. Осы жылдың аталған кезеңінде туберкулездің асқынған түрімен ауыратын науқас тіркелген жоқ. Жаңа жағдаймен тіркелген 9 науқастың 5-еуі Жосалы кентінен, Иіркөл, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Ақжар ауылынан 1 кісіден тіркеліп отыр.
Аудан тұрғындарының ФГ тексерумен қамтылуына келсек, 2024-тің 9 айында 12815 аудан тұрғыны флюро тексерумен қамтылып, жоспар 99,1 пайызға орындалса, 16 адамнан туберкулез анықталған. 2025-тің 9 айында флюро тексерумен 12398 аудан тұрғыны қамтылып, жоспар 99,1 пайызға орындалса, 12 адамнан туберкулез анықталды. Балалар арасындағы туберкулез – аудан бойынша 2025 жылдың 9 айында Манту сынамасына 3836 бала жоспарланып, 3762 балаға сынама жасалған, орындалуы 98,1 пайыз. Туберкулинге оң мәнді болып тексерілуге тиісті 962 баланың АТР-мен қамтылған 969 – 99,2 пайыз. 45 бала оң нәтижелі болып, алғаш рет оң нәтижелі болған 9 бала химиопрофилактикамен қамтылған.
Осы жылдың 9 айында мүгедектікке алғаш өткендер, былтырмен салыстырғанда 7 науқасқа азайған, 2024 жылы 55 науқас өтсе, 2025 жылдың 9 айында 48 науқас өткен. Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасының медициналық саласы бойынша жүргізілген жұмыстарға келсек, 2025 жылдың 9 айында 321 мүгедек ауруханада ем алып, оның ішінде 62 науқас күндізгі емдеу бөлімінде ем алғандар, үй жағдайында ем алғандар саны – 38, аудандық ауруханада емделгендер – 104, ОМО-та емделгендер – 5, Алматы қаласында емделгендер – 5, арнайы ауруханалардан ем алғандар – 26, мүгедектерді оңалту орталығынан ем алғандар – 81-ді құрайды. Әлеуметтік саладағы атқарылған жұмыстарда биылғы жылдың 9 айында гигиеналық құрал-жабдықтар 24 науқасқа, жеке күтуші – 11, арба 13, таяқ 19, корсет 1, балдақ 8, тифлотехникалық құралдар 12, сурдотехникалық құралдар 1, ортопедтік аяқ киім 1, әлеуметтік көмек 6, сан-курорттық ем 35, протезді-ортопедиялық заттар 8 науқасқа, тағы басқа да әлеуметтік көмектер тағайындалды.
Биылдың 9 айында дәрігерлік кеңестік кабинеттен барлығы 954 адам өткен, оның ішінде еңбекке жарамсыздық парағын ұзартуға байланысты 330 науқас, мүгедектікке өтуге байланысты 238 науқас, анықтама алу үшін 386 адам өткен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудың аясында ауданның денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының денсаулығын көтеруге байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен салынған жаңа дәрігерлік амбулаториялар халыққа қызмет көрсетуде. Атап айтқанда, өткен жылы Тұрмағамбет, Ақжар, Дүр Оңғар ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар ел игілігіне берілсе, осы жылы Қармақшы, Қуаңдария фельдшерлік-акушерлік пункттері жергілікті тұрғындардың денсаулық сапасын жетілдіруге септігін тигізуде. Одан бөлек, Денсаулық сақтау басқармасынан ауданымызға 14 су жаңа жедел жәрдем автокөлігі беріліп, ауруханамыздың материалдық жағдайы жақсара түсуде.
Алдымызда саланы ілгерілетуде бірқатар жоспар, мақсаттарымыз бар. Олар – Қазақстан Республикасында МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты аудан деңгейінде өзін-өзі қамтып отырған азаматтардың сақтандыру жүйесіне қатысуын 98 пайызға жеткізу, «Дені сау ұлт әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасы бойынша мақсатты индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, «Ана мен бала» және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғаудағы жұмыстарды жандандыру; «Ана мен балаға» көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға енгізілген «Эффективті перинаталды технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламаларын әрі қарай жалғастыру, пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру, ана мен бала өлімін төмендету және алдын алуға бағытталған қысқа мерзімді жоспармен белсенді жұмыс жасау, оңалту шараларын күшейту мақсатында амбулаторлы деңгейде күндізгі оңалту стационарын, балалар оңалту орталығын ашу, тиісті мамандарды оқыту мен қайта даярлау курстарынан өткізу. Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруде аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану. Сонымен қатар емдеу, алдын алу ұйымдарының материалдықтехникалық базасын нығайту, жұқпалы емес созылмалы науқастардың динамикалық қадағалауларын жүргізуде «Ауруларды басқару бағдарламасы» аясында жүргізілетін жұмыстардың барысын кеңейту, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларының орындалуына қол жеткізу, аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізу, салааралық қызметтерді жандандырып, саламатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жұмыстарын жалғастыру да қызметіміздің басты бағытына жатады.
Бақытжан НЫСАНБАЕВ,
аудандық аурухананың бас дәрігері, аудандық
мәслихаттың депутаты
















