» » ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы мен комиссия мүшелері және аумақтық филиалдардың атқарушы хатшылары мен партиялық бақылау комиссияларының төрағалары қатысты.

Жиында партияның «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының енгізілген автомобиль жолдарын орташа, күрделі жөндеу жұмыстары туралы және партияның Қармақшы, Байқоңыр филиалдарымен партиялық бақылау бекеттерінің жұмысы, жалпы партиялық бақылауды ұйымдастыру және ішкі партиялық тәртіпті нығайту бойынша мәселелер қаралды.

Отырыстың күн тәртібіне сай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Руслан Ибрагим хабарлама жасап, атқарылған жұмыстарды баяндады.

Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3545 км құрайды. Оның 1024,5 км республикалық, 555 км облыстық, 1965,5 км аудандық маңызы бар жолдар. Өткен жылдың қортындысымен барлық қаржы көздерінен ұзындығы 300 км аса автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізіліп, жүзеге асырылған 100-ге жуық жобаның нәтижесінде аймағымыздағы сапалы жолдардың үлесі 92,5 пайызды құраған.

"Ағымдағы жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен барлығы 49,6 млрд. теңге бөлініп ұзындығы 329 км жол құрайтын автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеуден өтуде. Осы жұмыстар нәтижесінде жыл соңында облыс аймағындағы сапалы жолдардың үлесін 95%-ға жетеді деп жоспарланып отыр", - деді Руслан Ибрагим.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша партияның Қармақшы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Айдынбек Скендиров, «Байқоңыр» филиалының Партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Сейл Жұмадьяров ZOOM бағдарламасы арқылы хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Отырыс барысында Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы комиссияның жұмысын күшейтуді, соның ішінде мониторинг жұмыстары мен резонанстық мәселелерді қарау қажеттігін атап айты.

Сондай-ақ партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір білдіріп, бақылау жұмыстарын күшейту бойынша жүйелі тапсырмалар жүктеді.
13 қараша 2025 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 580

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930