» » ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІНІҢ БАСТЫ ЖҮЛДЕСІ СЫР ЕЛІНДЕ

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІНІҢ БАСТЫ ЖҮЛДЕСІ СЫР ЕЛІНДЕ

Қазанның 4-і күні Қызылорданың жанкүйер қауымы үшін айтулы күн болмақ.Аймағымыздың сол жағалауында бой көтерген жаңа стадионда Қазақстан кубогінің финалы өтеді.
Бұл жолы ел футболының қос бірдей үздігі - шымкенттік «Ордабасы» мен қостанайлық «Тобыл» шешуші бәсекеде бақ сынайды. Екі команда да маусым бойғы қажырлы еңбегінің өтеуін осы финалда алуды көздейді.
Матч қарсаңындағы шараға Қазақстан футбол федерациясы кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр мен облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев қатысып, доп додасының мән-маңызына тоқталды.
«Ордабасы» үшін бұл финал - келесі жылғы еврокубок ойындары жолдама алар мүмкіндік. Ал «Тобыл» талай жылғы тәжірибесімен тағы бір мәрте кубокты өз қоржынына түсіруге ниетті. Жаңа стадиондағы алғашқы ірі матч футболсүйер қауымның есінде ұзақ сақталары анық. Сыр елі футбол мерекесіне куә болып, ел кубогінің жаңа иегерін бірге анықтайды.
01 қазан 2025 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930